Батыс Түрік қағанаты.

Аумағы.Іле, Шу-Еділ, Кубань-Есіл, Ертіс –Тарым, Әмудария.Ордасы –Суяб (Шу өзені бойы), жазғы ордасы –Мыңбұлақ (Жамбыл облысы).

Халқы –он оқ бұдун. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған. Тайпа екіге бөлінді: -дулу-5тайпа. –нушеби-5тайпа.

Қоғамдық құрылымы.

Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған – ең жоғарғы билеуші, әскер басы.

8. Түргеш және Қарлұқ қағандықтары.

Түргеш қағанаты (704-756жж.)

Түргештер Шу, Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшлік (704-706ж.). Аумағы – Шаш – Тұрпан – Бесбалық аралығы. Астанасы –Суяб, жазғы ордасы Күңгіт (Іле өзені бойында). Бүкіл жер 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр түтікте 70мың әскер болған.

Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді.-сары түркештер. –қара түркештер. Сұлу қаған астанасы Орда Тараз (Талас) . Жыпыр қаған билеген 756 жылы қаған қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

Шаруашылығы. –көшпелі мал шаруашылығы-жартылай көшпелі – жартылай отырықшылық –сауда –қолөнер – аң аулау

704-766жж – Тараз түркеш теңгелері соғылған.

Қарлұқ қағанаты (756-940жж.)

V ғасыр –қарлұқтар тирек тайпаларының құрамында болған. Қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауын мекендеген. Билеушісі –елтебер. VІІІ ғасырдың ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері: Алтай тауы –Балқаш көлі. Орталығы-Суяб қаласы.840 жылы Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін, Білге Күл-Қадырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандығын мәлімдеді.

Шаруашылығы.



-жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы.

-отырықшы егін шаруашылығы.

Қарлұқтар ислам дінін қабылдауды бастаған.

9. Оғыздар: саяси тарихы, этникалық құрылымы, шаруашылығы және тұрмысы, әлеуметтік құрылысы.

Оғыз мемлекеті(ІХ ғ.соңы-ХІғ.басы)

Оғыз тайпаның өзегі Жетісуда қалыптасты.

Құрылу тарихы.

-ерте орта ғасырларда Орталық және Орта Азияда өмір сүрген. –VIIғ. Батыс Жетісуды мекендеп, Түрік қағанатының құрамында болды. – қарлұқтардың қысымынан Сыр бойына көшкен.

ІХ ғ. соңы –Хғ. басы –Оғыз мемлекеті құрылды. Аумағы – Сырдарияның орта және төменгі ағысы. Астанасы –Янгикент (Жаңа Гузия). Билеушісі –жабғу. Орынбасары –күл – еркін.

Саяси жағдайы.

Оғызнама деректерінде Батысқа жасалған жорықтар баяндалған. Түрік шежірелері мен аңыздарда Орта Азияға, Шығыс Түркістанға, Қытайға бағытталған жорықтары жазылған.

Шаруашылығы.

Мал шаруашылығы. Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы

Қалалары.

–Сырдарияның төменгі ағысы –Жанкент, Жент, Жуара.

-Сырдарияның орта ағысы-Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ,Сауран.

10 Қимақтар мемлекеті: орналасу аумағы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылысы.

Қимақ мемлекеті.(ІХғ.соны –ХІ ғ.басы)

VII ғасырдың басы – Монғолияның солтүстік батысын мекендеді.

VII ғасырдың ортасы – Алтайдың солтүстігіне, Ертіс бойына қоныс аударды.766 840 жж. –қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай, Алакөлге қоныстанды.

ІХ ғ. соңы – қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Астаналары – Қимақия (Ертіс бойында), Карантия- (Алакөл жағасы).



Қоғамдық құрылысы.

Билеушісі – қаған. Қимақ қағандары тоғыз оғыздардың Шығыс Түркістандағы қалаларына, Енисей қырғыздарына жорықтар жасап отырды. Ислам дінін қабылдай бастады.

11. Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы –1219 ж.).

Аумағы. Алтай , Ертіс-Еділ, Оңтүстік Орал-Құланды даласы-Балқаш көлі, Жоңғар Алатауы.

Оңтүстік шекарасын кеңейтіп Сырдарияның орта және төменгі ағысын, Арал, Каспий бойын бағындырды.

Алтай- Еділ аралығы “Қыпшақтар даласы”(Дешті Қыпшақ) деп аталады. –Қысқы жайылым –Маңғыстау мен Үстірт. – Жазғы жайылым – Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендері аңғары.

Мемлекеттік құрылымы.

Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы –қимақтардың қоғамдық құрылысының жалғасы. Хандық биліктің орталығы –Орда.

Саяси тарихы.

ХІ ғ. бастап Жетісудан басқа жерлерді қыпшақтар иеленді. Билеушісі Текеш Отырар билеушісі Алып –Деректердің әскерін өз жағына тартып, Сығанақты жаулады.

ХІІІғ. Басы –Хорезм шахы Мұхаммед Қыпшақ хандығы мен Сыр бойындағы қалалар үшін шайқасты. Қыпшақтар мен хорезм арасындағы шайқасты тоқтатқан –монғол шапқыншылығы. Шаруашылығы. Мал және егін(күріш,арпа, тары, жылқы).


3691556359658974.html
3691579501942336.html
    PR.RU™